10 Маусым 19:13

Көк-Жайлау Іле-Алатау ұлттық саябағына қайтарылады

Фото:
Көк-Жайлау заң қабылданғаннан кейін Іле-Алатау ұлттық саябағының құрамына қайтарылады, деді ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.


Алматы, NEGE. «Бұған дейін Іле-Алатау ұлттық саябағының құрамынан шығарылған жерлер қайта қайтарылатын болады. Бүгін мәжілісте заңдағы түзетулер бойынша екінші оқылым өтті, заң сенаттан өткесін жерлерді ұлттық парк құрамына қайтара аламыз. Оның көлемі 1 мың га астам», - деді Мырзағалиев сәрсенбіде Көк-Жайлаудың ұлттық парк құрамына қосылуы туралы сұраққа берген жауабында.
Бұған дейін Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев Көк-Жайлауда салынған қосалқы станция қажет болмағандықтан қайта монтаждалатынын мәлімдеген еді.
Еске салсақ, 2019 жылдың 29 қазанында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Көк-Жайлау» тау-шаңғы курортының құрылысын тоқтатқан болатын.

Тегтер: