15 Мамыр 18:29

ҚМДБ Мақтаарал ауданындағы екі отбасыға үй алып берді

Фото:

 ҚМДБ Мақтаарал ауданындағы отбасыларға әр облыстағы мешіттердің қолдауымен азық-түлік тиелген жүк көліктерін жіберіп, қаржылай да қолдау көрсетті. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты.

Алматы, NEGE. «Біз бүгін «Зекет» қорының ұйымдастыруымен облыстағы мешіттердің атсалысуымен 10 млн теңге қаржылай көмекті «Түркістан корпоративтік -әлеуметтік даму қорына» аудардық. Сонымен қатар 30 тонна ұн жеткізетін боламыз», - деді. Сондай-ақ 18 мамыр күні Мақтаарал ауданындағы баспанаға аса зәру екі отбасыға екі үйдің кілті табысталатынын айтып өтті.

Тегтер: