Қызылордада мектеп аумағында жарылыс болды
Қазалы ауданы Тасарық ауылындағы орта мектеп аумағында орналасқан қазандық жарылды. Жапа шеккендер жоқ.
Алматы, NEGE. "Бүгін таңертең 8:15-те Қызылорда облыстық Төтенше жағдай департаментіне Қазалы ауданы Тасарық ауылындағы №238 орта мектебінің аумағындағы (мектептен 50 метр қашықтықтықта) жылыту қазандығының жарылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Қазандық ғимаратының қабырғалары бұзылған. Қаза тапқандар мен жапа шеккендер жоқ", – деп мәлімдеді Қызылорда облыстық төтенше жағдай департаменті басшысының орынбасары Саид Молдакараев.
Мектеп жұмысы тоқтатылмады. Ауа температурасы +9 градус болған.
Қазандық ғимаратының үйінділерін мектептің 15 қызметкері мен 2 арнайы техника жинастырып жатыр. Оқиға орнына Төтенше жағдай департаментінің екі қызметкері мен бір техника жіберілген.
Қазір оқып жатыр
Өнеркәсіптен креативті экономикаға дейін: «Әділет» партиясының штабы Атыраудың тұрғындарымен кездесті
Ризван Гусейнов: Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңге айналады
«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 62,2 млрд теңге бөледі
Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды