USD
USD
USD

Қызылорда облысында түрмеде терроризмді насихаттаған адам ұсталды

Қызылорда облысында діни алауыздықты тудыруға бағытталған уағыз таратумен айналысқан адам анықталды.

Қызылорда облысында түрмеде терроризмді насихаттаған адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түркістан облысының тұрғыны Қызылорда облысында түзеу мекемесінде жазасын өтіп жатқан. Бұл мақсатта облыстық Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы және Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің департаментінің қызметкерлері бірлескен іс-шара жүргізді. Нәтижесінде 43 жастағы тұрғынның діни алауыздықты қоздыруға бағытталған уағыздарды таратумен айналысып жүргені анықталды.

«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысына сәйкес діни уағыздардан терроризмді насихаттау белгілері анықталды. Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256-бабының 1-бөлігімен (Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті