20 Желтоқсан 14:38

Қызылорда облысында көктайғақ салдарынан алты жүк көлігі апатқа ұшырады

Фото:

Қызылорда қаласы мен Түркістан облысының шекара аралығында көктайғақ салдарынан 6 жүк көлігі апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Сондай-ақ полицейлер 140 автокөлік пен 400-ге жуық адамға көмек көрсеткен. Бұл аралықтағы 233 шақырым аумақта кеше қар аралас жаңбыр салдарынан асфальт бетіне мұз қатқан. Салдарынан бұл бағыттағы жол жабылып, қауіпсіздікті қадағалау мақсатында 50-ден астам полицей жұмылдырылған. Сондай-ақ жол күтіміне жауапты мекеме арнайы техникалармен құм мен тұз қоспасы себілді. «Бүгін аталған аумақтағы жол бөлігі ашылып, көлік қатынасы қалпына келді», - дейді мамандар.

Тегтер: