29 Мамыр 13:52

Қызылорда облысында 300 орындық екі мектеп салынады

Фото:

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мамыр айының екінші онкүндігінде өңірдің барлық ауданы мен Байқоңыр қаласын аралап, халықтың тыныс-тіршілігімен танысты.

Алматы, NEGE. Бүгінде облыста ауыз толтырып айтатындай ілкімді жаңалықтар жетерлік. Мәселен өңірде ауылшаруашылығы саласы бойыншы дақылдарды егу көрсеткіші 90 пайызға жеткен. Сонымен қатар, "Жұмыспен қамту жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылорда облысына 37 миллиард теңге қарастырылған. Бұл қаражат есебінен облыс көлемінде 9 299 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.

Арал ауданынан бастау алған жұмыс сапары барысында өңір басшысы "Көкарал" бөгетінің проблемасын және "САРАТС" жобасының ІІ фазасын іске асыру мәселесін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевпен талқылады.

Мағзұм Маратұлы Көкарал бөгетіне қатысты биыл министрлік тарапынан жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге қажетті қаражат бөлініп, жоба дайын болғаннан кейін құрылыс жұмыстарын бастайтынын және екінші фаза бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылатынын айтты.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың аудандардың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысуға бағытталған сапары Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі  аудандарымен жалғасты. Шиеліде мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 21 жоба жүзеге асырылуда. Мәселен, биылға "Бизнестің жол картасы 2025" мемлекеттік бағдарламасын аймақта іске асыруға 3,4 миллиард теңге қаражат бөлінген.  Аймақ басшысы экономиканың маңызды бөлігі саналатын салаға аса мән беріп, дамытуды тапсырды.

Айта кетейік, биыл Сексеуіл және Жаңақорған кенттерінде 300 орындық білім ошағының құрылысы басталды. Облыс бойынша 284 көше мен кіре беріс жолдар жөнделіп, 23 көше жарықтандырылды. Сондай-ақ, 70 аялдама мен балаларға арналған 34 ойын алаңы орнатылады.

Тегтер: