31 Желтоқсан 15:05

«Қызыл» аймаққа кірген өңірлер қайсы?

Фото:

  Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанда қазіргі таңда екі облыс «қызыл» аймақта тұр.

Алматы, NEGE. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметіне сәйкес, 31 желтоқсанда екі облыс, атап айтқанда Атырау мен Ақмола облысы «қызыл» аймақта. Кешегі матрица бойынша «қызыл» аймақта тек Атырау облысы болған еді. Ал «сары» аймақта Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы тұр. Қалған облыстардың бәрі де «жасыл» аймақта орналасқан.

Тегтер: