9 Маусым 18:57

Қызы мен күйеу баласын атып, өзіне де қол салған

Фото:

8 маусым күні кешкісін Алматыда ер адам өзінің қызы мен күйеу баласын атып тастап, сосын өзі де өмірімен қош айтысты. Атып өлтірген қызы Б. 1979 жылғы, күйеу баласы Н. 1987 жылғы делінеді.

Алматы, NEGE. Алматы ПД ақпаратынша, қанды қырғынға отбасындағы ұрыс-керіс себеп болғанға ұқсайды. Оқиға Түркісіб ауданындағы Сейфуллин даңғылының бойындағы үйлердің бірінде орын алды. Мылтық 1951-ші жылы туған марқұмның өз атына тіркелген болып шықты.

Тегтер: