28 Қаңтар 17:50

Қытайдан келген азаматтар дереу емханаға баруы тиіс

Фото:

Қазақстанда адамдардың дене қызуының көтерілуі жиілеп кетті. Бұл туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты. 

Алматы, NEGE. «Біз 6 қаңтардан бастап Қытайдан келген барлық шетелдікпен және азаматтарымызбен байланыс орнаттық. Олармен Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері және жергілікті медицина қызметкерлері тікелей хабарласып отыр. Барлығынан емханаларға баруларын сұраймыз. Ауру адамдар, әсіресе дене қызуы бар адамдар біздің мамандардың көмегіне жүгінуі және есепке тұрулары керек. Олар 14 күні бойы күнделікті медициналық бақылауда болады», – деді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, қазіргі таңда елімізде коронавирусқа байланысты емес адамдардың дене қызуының көтерілуі жиілеп отыр. «Бұл жыл сайын болатын маусымдық ЖРВИ мен тұмаудың өршу кезеңімен тұспа-тұс келіп тұр. Осы аурулардың алғашқы белгілері бірдей болады. Сондықтан ең алдымен коронавирустың алдын алу үшін, халыққа түсіндіру үшін журналистер мен блогерлерден алдын алу шараларын шатастырмауды, жауапкершілік сақтауды сұраймын», – деді бас санитарлық дәрігер. 

Тегтер: