USD
USD
USD

Қытай түрмесіндегі Ақжарқын Тұрлыбайға үкім шықты

«Қытайда есірткі ісімен жалалы боп, сотталып жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың бұған дейінгі шығарылған үкімі өзгеріссіз қалдырылды», – деп жазады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қытай түрмесіндегі Ақжарқын Тұрлыбайға үкім шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сыртқы істер министрлігінің хбарлауынша, 27 желтоқсан күні Қытайдың Гуанчжоу қаласының соты есірткі контробандасымен айыпталып сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың ісін қайта қараған. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жөнінде шығарылған алдыңғы үкім сол қалпы қалдырылған.

Сот отырысына Ақжарқынның қорғаушысы мен Қазақстанның Қытай халық республикасындағы елшісі қатысқан. Шығарылған үкім 10 күннен кейін заңды күшіне енеді.

Естеріңізге сала кетсек, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында тұтқындалған еді. Оған өмір бойы бас бостандығынан айыру үкімі кесілген. Кейінірек, бұл үкім кері қайтарылып, іс қайта қаралуға жіберілген болатын.

Осы іске қатысты Қазақстанның Бас прокуратурасы Қытай тарапына Ақжарқын өзіне кесілген жазаны өз отанында өтеуі жөнінде өтініш түсірілетіндігін мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс