25 Маусым 13:10

Қырғызстан төтенше жағдай режимін қайта жариялауы мүмкін

Фото:

Қырғыз еліндегі COVID-19-мен күресу жөніндегі штаб ондағы бірқатар қалалар мен облыстарда төтенше жағдайды қайта енгізуді қарастырып жатыр.

Алматы, NEGE. - Қазіргі уақытта жағдай Шу, Бішкек, Ош облыстарында және Ош қаласында жағдай қатты ушығып тұр. Бүгін республикалық штаб отырысында төтенше жағдай енгізу туралы мәселе қаралып, барлық факторларды ескере отырып шешім қабылданады, - деді Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Мадамин Қаратаев.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Қырғыз елінде бірнеше күн ішінде COVID-19 инфекциясын жұқтырушылардың рекордтық көрсеткіші тіркелді.

Бүгінгі күні бұл елде КВИ жұқтырғандардың жалпы саны 3 954-ке жетті, 43 адам қайтыс болды, 2 112 науқас емделіп, ауруханалардан шығарылды. Коронавирустың алғашқы оқиғалары наурыздың ортасында анықталғаннан кейін көп ұзамай Қырғыз елінің бірнеше аймақтарында енгізілген төтенше жағдай 10 мамырда жойылған еді. Содан бері мұнда ауру жұқтырғандар мен қайтыс болғандардың саны шамамен төрт есеге өскен.

Тегтер: