USD
USD
USD

Қылмыстық істі 5 миллион теңге жауып бермек болған тергеушілер ұсталды

Батыс Қазақстан облысында қылмыстық істі 5 миллион теңгеге жауып беруге уәде берген тергеушілер ұсталды, - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық істі 5 миллион теңге жауып бермек болған тергеушілер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Баспасөз қызметінің мәліметінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің Батыс қазақстан облысы бойынша департаменті облыстық экономикалық тергеу департаменті тергеу басқармасының аға тергеушісі мен жедел уәкілге қатысты тергеуді бастаған.

"Олар 2020 жылы 1 қазанда азамат Т-ны алдау және сенімін пайдалану арқылы басқа органның өндірісіндегі қылмыстық істі тоқтатуға ықпал ету сылтауымен 5 миллион теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденген. БҚО бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталып, Оралдағы уақытша тергеу изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі бұл іске қатысты шешімді сот шығаратынын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысы аяқталды

СІМ

Қазақстандық футбол ардагерлері Давид Лорияны қолдап, федерацияға хат жазды

.

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Temu

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ербол Хамитов