27 Маусым 14:21

Кеше 75 түлектің тест нәтижесі жойылды

Фото:

ҚР Білім және ғылым миинстрлігі ҰБТ-ның алтыншы күнін қорытындылады. 

Алматы, NEGE.«26 маусым күні ҰБТ еліміздің 14 өңірінде және республикалық маңызы бар 3 қаладағы 80 пунктіде өтті. Тестілеуге жалпы 14 768 түлек қатысты, оның ішінде 11 223 адам – қазақ тілінде, 3 535 адам – орыс тілінде тест тапсырды. 75 түлек тестілеуге кіргізу кезінде тыйым салынған заттарды аудиторияға алып өтуге тырысқаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Сондай-ақ 54 түлек тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін аудиториядан шығарылып, тестілеу нәтижелері жойылды», – делінген ҚР Білім және ғылым миинстрлігінің хабарламасында.

Тегтер: