USD
USD
USD

«Келесі аптада Алматыда 3-3,5 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін»

Бүгін ТЖМ сейсмология институы мамандары кезектен тыс брифинг өткізіп, осылай деп мәлімдеді. Сөйте тұра дүрбелең жасамауды сұрады.

«Келесі аптада Алматыда 3-3,5 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сейсмологтардың айтуынша, Түркияда және Италияда болған жер сілкіністерінің бізге қатысы жоқ. Алдағы жылы Алматы қаласында, Алматы облысы мен Жетісу облысында "МSK-64" шкаласы бойынша қуаты 7 балдан асатын жер сілкінісі болмайды. «Сондықтан адамдар дүрбелең тудырмауы керек», – дейді ғалымдар.

Сейсмология институтының директоры Дәулет Сәрсенбаев былай деді: «Сейсмология институтының болжамы бойынша, келесі аптада Алматыда "МSK-64" шкаласы бойынша күші 3-3,5 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін».

Алматыда көп сезіле бермейтін сілкіністер жиі болып тұрады. Институт директоры осыны меңзеді ме, әлде бір білгені бар ма, бұл жағы белгісіз. 

Қазір оқып жатыр

Журналистер Құрылтай депутаттарымен енді қалай жұмыс істейді – Аппарат түсіндірді

жаңа құрам

Жамбыл облысында қоқыс контейнерінен табылған сәбидің анасы полицияға жеткізілді

Қарағанды

Қазақстанда электр энергиясы тарифтері тағы өзгеруі мүмкін

Электр энергиясы

Қазақстанға кіру шетелдіктер үшін енді 4 мың теңге болуы мүмкін бе?

паспорт