19 Қараша 11:08

Кей өңірде сабақ тоқтатылды

Фото:

Шығыс Қазақстан облысының бірнеше ауылында сабақ тоқтатылды.

Алматы, NEGE. Риддерде ауаның температурасы 26 градус аязды көрсетіп, желдің жылдамдығы секундына 5 метрге жеткен. Бутаково, Поперечный ауылдарында 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды. Бородулиха ауданында 28-30 градус аяз тіркелді, 2 Пятилетка, Песчанка, Жерновка, Букутово ауылдарындағы бірінші ауысымның 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды.

Тегтер: