Қазгидромет: Қар жауып, көк тайғақ болады

25 қараша, 18:18
Қазгидромет: Қар жауып, көк тайғақ болады
Фото: google.com

Күн райын болжаушылар таратқан ақпаратқа сәйкес, Алматыда ауа температурасы күрт төмендейді. 

Алматы, NEGE.  «Қазгидромет» РМК хабарлауынша, алдағы күндері Алматыда қар жауып, көктайғақ болады.

Ауа температурасы төмендейді. 26 қараша күні қалада көшпелі бұлт шығады, күндіз қар аралас жаңбыр жауады.

Солтүстік-батыстан жел соғып, таңертең және күндіз оның күші 12 м/с жетуі ықтимал. Ауа температурасы төмендейді. 27 қарашада күн бұлтты. Түнде қалың қар жауады.

Жолдарға мұз қатып, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде - 8 – 10 градусты көрсетеді.

28 қарашада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 8-10 аяз, күндіз 3 градус жылы болады.