28 Желтоқсан 20:33

Қазгидромет ескерту жариялады

Фото:

Еліміздің сегіз облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Қазгидромет.

Алматы, NEGE. 29 желтоқсан Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. 29 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Ертең түнде және таңертең Оралда тұман түседі.

29 желтоқсанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

29 желтоқсанда түнде Ақмола облысында басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Ертең түнде және таңертең Көкшетауда жаяу бұрқасын соғады.

29 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

29-31 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Ертең Қызылорда қаласында тұман түсуі мүмкін.

29-31 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерде тұман болады.

29-31 желтоқсанда Шымкентте кей уақытта тұман түсуі мүмкін.

Түркістан қаласында 29-31 желтоқсанда кей уақытта тұман түсуі мүмкін.

29 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Ертең Петропавлда жаяу бұрқасын соғады.

Тегтер: