27 Желтоқсан 08:43

«Қазгидромет» ескерту жариялады

Фото:

«Қазгидромет» РМК 27 желтоқсан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз оңтүстіктен жел соғып, күші 15-20 м/с артады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болжанады. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні күндіз 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, облыстың солтүстік-батысында күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, жылдамдығы - 18 м/с.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады.

Түнде Қарағанды облысынның кей жерлерінде -35 градусқа дейінгі қатты аяз күтіледі. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Шымкент қаласында сондай-ақ тұман, көктайғақ болжанады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с.

Тегтер: