16 Қараша 17:26

«Қазгидромет» ескерту жариялады

Фото:

«Қазгидромет» РМК 17 қараша күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, Түркістан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, күші жекелеген аумақтарда 15-20 м/с артады.

Маңғыстау облысында шығыстан жел соғады, екпіні кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді.

17-19 қарашада Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с артады. 17 қарашада күндіз, 18-19 қарашада тәулік бойы желдің екпіні 25 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Жел батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, түнде күші 15-20 м/с артады.

Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын болады. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Тегтер: