Қазгидромет ауа райы болжамын ұсынды

14 қыркүйек, 10:21
Қазгидромет ауа райы болжамын ұсынды
Фото: ғаламтордан

 «Қазгидромет» РМК-сы қыркүйектің 14-і күнгі ауа райы болжамын жариялады.

Алматы, NEGE. Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, республиканың басым бөлігінде антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, солтүстік-батыста найзағай ойнайды. Республиканың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында жел күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі, күндіз облыстың оңтүстігінде желдің күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады.

Павлодар облысының оңтүстігінде түнде тұман түсіп, күндіз шығысында, оңтүстігінде жел секундына 18 м/с жылдамдықпен соғады. Таңертең және күндіз Қостанай облысында найзағай ойнап, күндіз облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, шаңды дауыл тұрады. Таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстігінде және батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі. Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Атырау облысының батысында, орталығында тұман түседі. Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында 3 градус үсік жүреді. Маңғыстау, Түркістан облыстарында, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.