25 Қаңтар 13:58

ҚазАвтоЖол ескертеді!

Фото:

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 1755 шақырымды құрайтын 17 жол бөлігінде көліктің жүруіне  шектеу қойылды. Бұл туралы ҚазАвтоЖол хабарлады.

Алматы, NEGE. «6 бағыт бойынша жол жабылды. Әсіресе Ақмола облысына қарасты аумақтардағы жолдарда көлік қозғалысы мейлінше көп шектелген.  Көліктің жүруіне ең көп шектеу қойылған жол бөлігі - Екатеринбург - Алматы тас жолы. Республика бойынша жолда 780 техника жұмыс істеуде» , - делінген хабарламада. Жолдағы жағдайға қатысты сұрақтармен 1403 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласуға болады. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жүргізушілерге жол ережесін сақтауды, рұқсат етілген жылдамдықты асырмауды, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды еске салады. Сонымен бірге жолға тек қысқы шиналармен шығуға кеңес береді.

Тегтер: