Қазандағы мектепте атыс шығарған Галявиев ақыл-есі дұрыс емес деп танылды

21 шілде, 15:49
Қазандағы мектепте атыс шығарған Галявиев ақыл-есі дұрыс емес деп танылды
Фото: ғаламтордан

Қазан қаласындағы 175 -мектепте жаппай атыс ұйымдастырған Ильназ Галявиев сараптама нәтижесі бойынша ақыл-есі дұрыс емес деп танылды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы қоғамдық бақылау комиссияларының ресми органы "Газета ОНК" мәлімдеді. 

"Біздің ақпаратымыз бойынша, В.П.Сербский атындағы мемлекеттік әлеуметтік-сот психиатриясы ғылыми орталығы қазандық қылмыскер Ильназ Галявиевті ақыл-есі дұрыс емес деп таныды", - деп жариялады қоғамдық бақылау комиссияларының ресми органы "Газета ОНК". 

Айта кетсек, 19 жастағы Ильназ Галявиев Қазандағы мектеп-гимназиясына қарумен келіп, шабуыл жасаған. Нәтижесінде жеті оқушы мен екі ұстаз көз жұмды. Қазір қаскөй түрмеде, ол өмір бойына бас бостандығына айырылуы мүмкін. Дәрігерлер оның шизофренияға бейім екенін айтқан.