1 Тамыз 10:46

Қазақстанның барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр

Фото:

 ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

Алматы, NEGE. Ведомствоаралық комиссияның Telegram каналындағы мәліметтерге қарағанда, «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары. Айта кетейік, Түркістан облысы осыған дейін бірнеше күн қатарынан «сары» аймақта болып келген еді.

Тегтер: