Қазақстанның 9 өңірі «қызыл» және «сары» аймақта тұр
04 сәуір, 13:59

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.
Алматы, NEGE. 021 жылдың 4 сәуіріндегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта тұр. «Сары» аймақта Шымкент қаласы және Ақмола мен Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған барлық өңір - «жасыл» аймақта. Қазақстан таяуда әлемдік эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа өткен болатын.