USD
USD
USD

Қазақстанның 5 облысында бұрқасын тұруы ықтимал

Қазгидромет жақын күндері Қазақстанның 5 өңірінде дауыл тұруы мүмкін деп ескертуде.

Қазақстанның 5 облысында бұрқасын тұруы ықтимал
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Синоптиктер 27-қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, боран соғады деп  болжайды. Жолда көктайғақ болып, кей жерде желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін. Петропавлда 27 қаңтарда қар жауып, қарлы бұрқасын тұрады деп болжаған мамандар көшеде көктайғақтан абай болуды ескертеді.

  Дүйсенбіде Қостанай облысында да күн райы бұзылып, дауыл тұрады деген болжам бар. Батыстан соққан желдің күші кей жерде секундына 23-28 метрге жетуі ықтимал.

27-қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының көп бөлігін тұман басады, қар жауады және боран соғады. 27-қаңтарда Өскеменде қарлы бұрқасын болады деген болжам бар.

Қызылорда облысының тұрғындарына да абай болған жөн. Жолда көктайғақ, ал кей жерде желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетпек. Мамандар боран тұру ықтималдығын 95-100 пайызға дейін сеніммен айтуда.

27-қаңтарда Маңғыстау облысында да жел күшейеді. Ақтауда да бұрқасын болып, күн күрт суытады деген ақпар бар.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова