25 Қаңтар 15:02

Түркиядағы қазақтар жер сілкінісінен зардап шеккен жоқ

Фото:

Түркияның Элязыг провинциясындағы жойқын жер сілкінісінен қазақстандықтар зардап шеккен жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «Түркиялық тараптың алдын ала мәліметі бойынша, жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ», – деп жазды Айбек Смадияров Telegram желісінде. 

Жалпы Түркиядағы жағдай жергілікті халықты есеңгіретіп тастады. Сивридже ауданының тұрғындары түнді спорт кешендері, саябақтар, бақ пен конференц-залдарда өткізді. Элязыг провинциясы Жастар және спорт басқармасы жанындағы Якупа Кылыч атындағы спорт кешеніндегі адамдар тамақпен және сусынмен қамтамасыз етілді.

Тегтер: