18 Желтоқсан 10:40

Қазақстандық Мадияр Оңалдин жасаған ремикс «Яндекс.Музыкада» топ жарды

Фото:

Мадияр Оңалдин жасаған ремикс топ жарды.

Алматы, NEGE. «Яндекс.Музыка» стриминг қызметі 2020 жылды қорытындылап, түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздарды жариялады.

Қазақстандық музыкант және музыкалық продюсер Monaldin-нің (Мадияр Оңалдин) танымал әнші K-Maro-ның «Femme Like U» әніне жасаған ремиксі «Жылдың үздік электронды әні» атанды,

Әнші Эмма Питерспен бірге жасалған ремикс әлемдік музыкалық чарттарда озып шығып, биылғы жаздың хитіне айналды. Трек әлемнің Shazam қосымшаларында, жиырма елде бірінші орынға шықты және музыкалық платформаларда миллиондаған адам тыңдаған.

Тегтер: