22 Желтоқсан 17:09

Қазақ әскерилері қай елдерде бітімгершілік миссияда жүр?

Фото:

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қазақстандық әскерилердің қай елдерде бітімгершілік миссияда жүргенін айып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан. NEGE. «2007 жылдан бастап әртүрлі бітімгерлер бақылаушы ретінде түрлі миссияларға, оның ішінде Батыс Сахара, Кот-д ' Ивуар, Ливанға жіберілді. Одан бөлек, арнайы жасақ Иракта тапсырма орындады. Қазір Ливанда төртінші рота жүр. Тағы төрт әскери қызметшіміз Батыс Сахарада. Сонымен қатар, біз қазір арнайы мамандандырылған бөлімшелерді дайындап жатырмыз. Мұнда БҰҰ сұранысқа ие деп атаған инженерлік-саперлік бөлімше, әскери полиция, барлау бөлімшесі және әскери-медициналық бөлімше бар», - деді Нұрлан Ермекбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Министрдің айтуынша, қазақстандық әскери қызметшілерді бітімгершілік миссия аясында жіберу үшін далалық әскери-медициналық госпиталь әзірленіп жатыр. «Қайда жіберетінімізді БҰҰ шешеді. Шамамен Африка еліне жіберуі мүмкін. (...) Бейрут портында (Ливан) болған жарылыстан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін Президенттің тапсырмасымен екі тәулікте Ливанға 32 әскери медицина мамандары жасағы жіберілді, олар екі апта бойы жергілікті халыққа көмек көрсетті», - деді Н. Ермекбаев.

 

Тегтер: