Қазақстандық әскери қызметшілер «Бейбіт миссияға» қатысады

13 қыркүйек, 16:39
Қазақстандық әскери қызметшілер «Бейбіт миссияға» қатысады
Фото: ғаламтордан

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің – Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан әскери контингенттері терроризмге қарсы бірлескен «Бейбіт миссия-2021» командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысады.

Алматы, NEGE. Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, бұл оқу-жаттығу Ресей Федерациясы Орынбор облысында өтеді. Оған Қазақстанның Қарулы күштерінен «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы, Әскери-әуе күштерінің Су-25 ұшақтары тартылады.

«Оқу-жаттығу шеңберінде ШЫҰ-ға мүше елдердің әскери контингенттері терроризмге қарсы бірлескен операцияға дайындалуы және оны өткізу мәселелерін пысықтайтын болады. Бұл «Бейбіт миссия» 2007 жылғы 27 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығуларды өткізу туралы келісім шеңберінде екі жылда бір рет өткізілетінін атап өткен жөн», – делінген мәліметте.