7 Мамыр 13:54

Қазақстандық оқушыға II Елизаветадан хат келді

Фото:

Елордалық оқушы Расул Жұмабеков патшайым ІІ Елизаветадан хат алды.

Алматы, NEGE. Конвертте 16 жастағы жасөспірімнің 2020 жылдың соңында жіберген хатына жауап жазылған.

Расул алдымен патша отбасының тарихына қызыға бастаған. Кейін патшайымға хат азуды ұйғарған. 

"Интернетте бір видеоны көріп қалдым, онда ролик авторына патшайым Елизавета II-ден хат келеді. Осыдан кейін мен де өзім туралы, қазақстандық оқушы екенімді айтып, хат жазуға бел будым. Қазақ ұлттық хореография академиясында балетпен айналысатынымды, сондай-ақ, футбол, фортепианода ойнауға қызығатынымды жаздым. Хатта патшайымның денсаулығын сұрап, оған бар жақсылықты тіледім", - дейді Расул Жұмабеков.

Ол Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия патшайымы II Елизаветаға хатты 2020 жылдың қазанында жіберген, бірақ жауап күтпегенін айтады. Оны жолдағаннан кейін бақылау мүмкін болмаған соң, Расул конверт жоғалып кеткеніне сенімді болған.

"Маған жауап 6 қаңтарда келді. Патшайымның қолы қойылған жауапхатта ол менің хатыма өте риза болғанын, жағдайы жақсы екенін айтып, маған алғыс білдірді. Осы қиын-қыстау кезеңде маған және туған-туыстарыма жақсылық тіледі", - деді Расул.

 

Тегтер: