10 Маусым 12:54

Қазақстандық 10 оқу орны әлемнің үздік университеттерінің рейтингіне енді

Фото:

QS World University Rankings 2021 зерттеуінде қазақстандық университеттер арасында ең жоғары орынды (165) Алматыда орналасқан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алды. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Алматы, NEGE. Сондай-ақ тізімге мына қазақстандық жоғары оқу орындары кірді: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Нұр-Сұлтан, 357 орын), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (Шымкент, 490), Satbayev Universitety (Алматы, 541-550), Қазақ ұлттық аграрлық университеті (Алматы, 591-600), Абай атындағы ҚазҰПУ (Алматы, 601-650), ҚБТУ (Алматы, 751-800), КИМЭП (Алматы, 751-800), ҚарМТУ (Қарағанды, 801-1000), Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ (Алматы, 801-1000). Рейтингте бірінші орынды Массачусетс технологиялық институты (АҚШ), екінші орынды Стэнфорд университеті (АҚШ), үшінші орынды Гарвард университеті (АҚШ) иеленді. 

Тегтер: