6 Мамыр 09:58

Қазақстанда цифрлық теңге пайда болады

Фото:

Ұлттық банк Қазақстанда валютаның жаңа түрі – цифрлық валютаны тестілеу үшін арнайы платформа әзірлейді. Бұл жайында Ұлттық банк жариялаған цифрлық теңге жайлы баяндамасында жазылған.

Алматы, NEGE. Цифрлық теңге – бұл эмиссиясын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асыратын жаңа ақша нысаны. Баяндамада цифрлық теңге қолма-қол ақшаны немесе қолма-қол емес ақшаны ауыстыруға арналмаған, ол қағаз ақшамен қатар пайдаланылатыны жазылған.

Қазіргі уақытта ҚРҰБ ОБЦВ шешетін міндеттер, олардың эмиссиялау мен тарату тәсілі, пайдаланылатын технологияны, ақша-кредит саясатына, қаржылық тұрақтылық пен төлем қызметтері нарығына әсерін айқындай отырып, цифрлық валюталардың артықшылықтары мен тәуекелдеріне жан-жақты зерттеу жүргізіп жатыр. Пилоттық жоба биыл жылы қолға алынбақ.

Бұл жұмысқа қаржы нарығының қатысушылары, сарапшылар қоғамдастығы және халықаралық әріптестер тартылған. Зерттеу шеңберінде Ұлттық банк бөлшек цифрлық валюта бойынша пилоттық жобаны іске асыру, цифрлық теңгенің әсерін бағалау бойынша зерттеулер сериясын және цифрлық теңгенің ерекшеліктерін талқылау үшін нарыққа қатысушылармен және халықаралық әріптестермен бірнеше сессия өткізуді жоспарлап отыр.

Тегтер: