19 Тамыз 11:19
...

Қазақстанда пандемиямен күресетін азаматтық штаб құрылды

Фото:

Қазақстан қазіргі уақытта коронавирус инфекциясымен ауырудың ең көп таралған кезеңін бастан өткізіп жатыр. Еліміз 100 мың тұрғынға шаққандағы өлім саны бойынша әлемде 6-шы орында орналасқан, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Алматы.NEGE. Алайда вирустың таралуы мұнымен де шектеліп қалмауы мүмкін сондықтан жағадан алған ауруды алып жығудың бірден бір жолы – жаппай вакцинациялану дейді экономист және қоғам белсендісі Рахым Ошақбаев.

Ол республикада пандемиямен күресу жолында "Ел үшін егілемін" азаматтық штабын құру туралы бастамасын көтерген алғашқылардың бірі. Және бүгінгі күні ол дәрігерлер мен үкіметтік емес секторды қолдау үшін Өскеменге келді. Оның пікірінше, мемлекеттің атынан емес, халықтың атынан өтетін жаңа ақпараттық науқанға мүмкіндігінше мамандарды, бизнес өкілдерін, еріктілерді және жұртшылықты көбірек тарту маңызды.

Әзірге елде ересек халықтың үштен бір бөлігі ғана екпе салдырған. Салыстыратын болсақ: Канада мен Ұлыбританияда халықтың 70 пайыздан астамы вакцинацияланса, АҚШ, Германия және Францияда бұл көрсеткіш - орташа 60%. 

Жаңа штабтың міндеті - бұқаралық хабарламалар жіберілетін мессенджерлер арқылы және әлеуметтік желілерде республика тұрғындарының барлық сұрақтарына ашық жауап беру.

"Шенеуніктер хабарды ресми ақпарат көздерінде таратады. Ал негізгі ақпарат WhatsApp хабарламалары, Instagram сонымен бірге тікелей хабарламалар арқылы беріледі. Ал ол жерден шенеуніктерді кездестірмейсіз. Сондықтан біз осы жерден ақпарат таратуды қолға аламыз. Айталық, біздің құрылымның мүшесі, Азаматтық штабтың жарқын бастамашыларының бірі Динара Сәтжанның Instagram парақшасында 1,2 млн жазылушысы бар. Және ол күн сайын эпидемиологтармен, инфекционистермен тікелей эфир жүргізіп отырады" ,- дейді пандемиямен күрес жөніндегі азаматтық штабтың мүшесі Рахым Ошақбаев. 

Тегтер: