1 Шілде 17:53

Қазақстанда күніне 700 мыңнан астам маска шығарылады

Фото:

 Елімізде тәулігіне 772 мың медициналық маска өндіріледі. Оның ішінде фармацевтикалық кәсіпорындар 567 мың, тігін кәсіпорындары 204 мың дана өндірді.

Алматы, NEGE. Қоймаларда 4 млн-нан астам маска бар. Тиісті ақпарат «СҚ-Фармация» ЖШС-не беріліп тұрады. Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өндірілген өнімді ел өңірлеріне бөледі. Бүгінде дәке және бөзден тігілген бетперделер атқарушы органдармен жасалған шарт негізінде жеткізіледі, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі. Қазіргі кезде маска өндірісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қатаң бақылауына алынды. Қосымша өндірісті іске қосу және өндірісті кеңейту нәтижесінде бетперде өндірісінің көлемі тәулігіне 1 млн данаға жетті. Залалсыздандыру құралдарына келсек, 30 маусымда 63 350 литр залалсыздандыру құралы шығарылды. Қоймада 331 576 литр бар, тұтынушыларға көшелер мен үй-жайларды тазалау үшін және дәріхана желілеріне 56 730 литр жөнелтілді.

Тегтер: