Қазақстанда қанша өңір «қызыл» аймақта

24 қазан, 11:46
Қазақстанда қанша өңір «қызыл» аймақта
Фото: google.com

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведмоствоаралық коммисия 24 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. 

Алматы, NEGE. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.