Қазақстанда халық санағын жүргізетіндерге қанша жалақы төленеді?
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы Жорабек Дәуренов айтты.
Алматы, NEGE. "Санақты сапалы өткізу үшін қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта негізгі қаражат – санақ қызметкерлерінің жалақысы болып отыр. Мысалы, интервьюер қызметін төлеу үшін бірінші кезеңде бір ай үшін 83 мың теңге төленеді. Ал халық санағының негізгі кезеңінде – 104 мың теңге төленбек. Нұсқаушы-бақылаушыға 45 күн ішінде толық қызмет етсе – 125 мың теңге беріледі", - деді ол.
Еске салайық, 1 маусымда халық санағының бірінші кезеңі басталды. Бұл дайындық кезеңі, онда тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар анықталады.
Екінші кезең - негізгі халық санағы. Яғни, санақ қызметкерлері әр үйге барып, сөйлесіп, санақ парақтарын толтырады.
Қазір оқып жатыр
Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді
Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі
Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты
«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді