USD
USD
USD

Қазақстанда эпидахуал нашарлап барады

Еліміздің бірқатар өңірінде эпидахуал нашарлап, карантин талаптары күшейтілді.

Қазақстанда эпидахуал нашарлап барады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта тұр. Жаңа қаулыға сай Алматыда 1 ақпаннан бастап мәдениет нысандары – театрлар мен кинотеатрлардың жұмысы тоқтатылады. Бұдан басқа, қалааралық туристік тасымалдар шектеліп, сауда-ойын сауық орталықтары мен сауда үйлері тек жұмыс күндері ашық болады. Демалыс күндері жұмыс істемейді. Ал коронавирус жұқтырған науқастар міндетті түрде ауруханаға жатқызылады. Павлодар облысында да шектеулер алынған жоқ.

Облыста демалыс күндері локдаун жарияланып, қоғамдық көліктердің жүруіне тыйым салынды. Айта кетейік, Павлодарда жыл басынан 6 мыңнан аса нысан тексерілген. Олардың 40 шақтысы әкімшілік құқықбұзушылыққа жол берді.

Қазір оқып жатыр

Жаңаөзен әкімінің бұрынғы орынбасары ауруханаға демеуші бөлген қаржыны жымқыру ісі бойынша тексерілуде

ҚМА қызметкерлері мен күдікті

Қытайлық Temu маркетплейсіне Швейцарияда сатушыларға қысым көрсетті деген айып тағылды

Temu

Елена Рыбакина US Open финалына шықты

Елена Рыбакина

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик