15 Маусым 18:21

Қазақстанда бюджеттік ереже қашан қолға алынады?

Фото:

Мұнайға салынатын экспортты кедендік баж салығы, ірі консорциум өтемақыларының барлығы Ұлттық қорға емес, Республикалық бюджетке келіп түсуі қаншалықты дұрыс? Бюджеттік ереже қашан қолға алынады? Nege.kz сайтының тілшісі қойған осы сауалдарға ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жауап берді. 

«Экспорттық кеден баж салығы Республикаға келіп түсетін салықтың бір түрі. Оның механизмі осылай белгіленген. Себебі, кезіндегі мұнайлық келісім-шарттардың барлығы қабылданған кезде ірі мұнай компанияларының барлық салықтарын, оның ішінде пайдалы қазбалар салығы, корпоративтік табыс салығы,  ірі салықтардың барлығын арнайы Ұлттық қорға жинақтауды жөн көріп, сондай саясат болған. Заң бойынша барлығын Ұлттық қорға жинақтап жатырмыз. Бірақ, экспорттық кеден баж салығы кейіннен пайда болған салықтың түрі. Яғни ол компанияларға қосымша жүктеме. Ол Республикалық бюджетке келіп түседі. Оның үлесі Республикалық бюджетте айтарлықтай үлкен емес. Сондықтан осы салық түрінің Республикалық бюджетке түскенін дұрыс деп санаймыз», - деді Қаржы министрі. 

Тегтер: