USD
USD
USD

Қазақстанда АЭС салу мәселесі зерттеліп жатыр

Қазақстанда АЭС салу мәселесі зерттеліп жатыр. Бұл туралы Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда АЭС салу мәселесі зерттеліп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысы өз Жолдауында осы мәселені бір жылда пысықтауды тапсырды. Қазір біз бұл жөнінде белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Яғни, біздің жұмысымыз – осындай жобаларды іске асыру үшін қажетті критерийлерді ескере отырып, ел аумағында АЭС салатын орынды анықтау. Біз сондай-ақ халықаралық сарапшылармен, соның ішінде технология, қуат бойынша консультациялар жүргізудеміз. Бізде тапшылық бола ма, егер болса, қай жылы және қандай көлемде болатынын анықтау үшін электр тұтыну мен электр өндірісінің теңгеріміне қараймыз. Бұл жұмыстардың барлығы қазір кешенді түрде жүргізілуде», - деді Мұрат Жүребеков

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Сонымен бірге, спикер АЭС-ке қатысты мәселелер халықаралық сарапшылармен бірге талқыланатынын атап өтті. Оның айтуынша, бір жыл ішінде ведомство мәселені одан әрі іске асыру бойынша өз пайымын ұсынады.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян