Қазақстанда 800-ден аса оқушы вирус жұқтырған
14 қараша, 12:01

Денсаулық сақтау вице-министрі, Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов оқу жылының басынан бергі оқушылар арасындағы коронавирус жұқтыру статистикасын жариялады.
Алматы, NEGE. «Оқу жылы басталғаннан бері қазақстандық оқушылар арасында КВИ-дың 825 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 261 факт – кезекші сынып оқушылары арасында, 564 - қашықтан білім алушылар арасында тіркелген.
Соңғы аптада COVID-19 кезекші сыныптарда оқитын 62 оқушыда анықталды. Ауырған оқушылардың ең көп саны Шығыс Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында байқалады: сәйкесінше 32, 12 және 5 жағдай», – деді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі.