15 Мамыр 10:24

Қазақстанда 39 градус ыстық болады

Фото:

Қазақстанның үш өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Алматы, NEGE. 15 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде найзағаз ойнайды. Түнде және күндіз, синоптиктердің болжамы бойынша, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 15-20 метр болады. 

Сонымен қатар, Маңғыстау облысында дауылды ескерту жарияланды. Өңірде 15 мамырда 38-39 градус ыстық болады. 

Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл болады. Шығыстан жел соғып, облыстың кей жерінде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. 

Тегтер: