USD
USD
USD

Қазақстанда 16 мыңнан астам медициналық маманға үстемеақы төленді

Қазақстанда 16 мыңнан астам медициналық маманға 3,2 млрд теңге үстемеақы төленді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтып берді.

Қазақстанда 16 мыңнан астам медициналық маманға үстемеақы төленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстанның 17 өңірінде медициналық ұйым қызметкерлеріне үстемеақы толық көлемде төленген. 16 500 қызметкерге жалпы 3,2 млрд теңге төленді. Одан бөлек, әр өңірде провизорлық стационар орналасқан. Осылайша, инфекция жұққан немесе белгілері байқалған науқастарға көпбейінді стационар жағдайында медициналық көмек көрсетіледі», - деп атап өтті вице-министр. Оның айтуынша, медициналық қызметкерлерге қорғаныс құралдарында жүру міндеттелген. «Сонымен бірге, 1406 байланыс орталығы әлі де жұмыс істеп тұр. Мұнда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 180 операторы жұмыс істейді. Осы айда орталыққа 2310 адам хабарласты. Барлық сұрақтар бойынша осы нөмірге хабарласу қажет», - деді Л. Ақтаева.

Қазір оқып жатыр

Құрылтайды кім басқарады?

Мәжіліс

Байдың балаларын полициядағы лауазымды тұлғалар қорғаштайды – депутат

Базарбек

Алатау қаласы туралы Конституциялық заң қабылданды

Алатау қаласы

Шымкент мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмысы басталды: бензин қоры жеткілікті ме?

Шымкент МӨЗ