USD
USD
USD

Қазақстанда 15 мыңға жуық шетелдік еңбек етіп жүр

Биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 14 932 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында еңбек етіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанда 15 мыңға жуық шетелдік еңбек етіп жүр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 635 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 206 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 827 адам және 745 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 408 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 2 057 адам тартылған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 779 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 458 мыңнан астам Қазақстан азаматтары жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 97%-ын құрайды.

Еңбекші мигранттар шығатын негізгі елдер келесі: Қытай – 3 738 адам, Түркия – 1 979 адам, Үндістан – 1 228 адам, Ұлыбритания – 1 019 адам, Өзбекстан – 427 адам.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді. 2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлікті құрады.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

.

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

.

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

таза

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

балта