14 Мамыр 10:54

Үндістанға гуманитарлық көмекке алғысын айтты

Фото:

Нью-Дели қаласына  6 миллион медициналық маска, 400 мың респиратор, 50 мың обаға қарсы арнайы киім және елімізде өндірілген 105 жасанды желдету аппараттарын жөнелтті.

Алматы, NEGE. Айта кетейік, Үндістанда соңғы тәулікте 300 мыңнан астам адамнан вирус анықталды. Індеттен 4 мыңнан астам науқас көз жұмды. Дерттен жалпы қайтыс болғандардың қарасы 255 мыңға жуықтады.

Нью-Дели қаласындағы SCI халықаралық ауруханасының медициналық директоры Химаншу Шекхар: "Ең алдымен, мен және іс жүзінде бүкіл Үндістан халқы дос Қазақстан халқына COVID-19-ға қарсы күресте көрсетілген уақытылы гуманитарлық медициналық көмек үшін алғысымды білдіргім келеді. Аурудың кенеттен өсуі бәрімізді таңқалдырды, бірақ біз 24/7 режимінде пандемиямен тынымсыз күресіп жатырмыз және жақын арада жағдайды бақылауға аламыз деп үміттенеміз. Мен осы күресте Үндістанға көмектесіп жатқан барлық елдерге алғыс айтқым келеді" деді.

Тегтер: