USD
USD
USD

Қазақстан үй салудан ТМД елдерін басып озды

Қазақстан ТМД елдері арасында тұрғын үй салуда 1-орынға шықты. Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты.

Қазақстан үй салудан ТМД елдерін басып озды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Күрделі жағдайда шынайы сектор Қазақстан экономикасы тұрақтылығының негізгі факторына айналды. Әлемдік және өңірлік экономикалардағы белгісіздікке қарамастан өңдеуші сала 3,9 пайыз деңгейінде өсім көрсетті. 2004 жылдан бері алғаш рет жалпы ішкі өнімдегі өңдеуші өнеркәсіптің үлесі тау-кен өндіру өнеркәсібі үлесінен асып түсті», – деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, фармацевтика саласы қарқынды өсім көрсетіп, 47 пайызға артты. Дайын металл бұйымдарының көлемі 20 пайызға өсті.

Машина жасау - 16 пайызға, оның ішінде автомобиль жасау - 53, вагондар мен локомативтер жасау - 39 пайызға ұлғайды. Ал тау-кен өндіру секторында өсім қарқынының шектелуі байқалды.

Бұл Қазақстанның ОПЕК+-пен уағдаластығы аясында мұнай өндіруді қысқарту міндеттемесін орындауына байланысты орын алды

«Елімізде тұрғын үй пайдалануға беру 16,8 пайызға артып, 15,3 млн шаршы метрді құрады. Бұл құрылыс саласындағы сенімді өсімді қамтамасыз етті және Қазақстанның ТМД елдері арасында бір адамға 0,81 шаршы метр жаңа баспананы пайдалануға беру арқылы бірінші орынға шығуына мүмкіндік берді», - деді Асқар Мамин.

Қазір оқып жатыр

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

жанабыловтар

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

шенген

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

жанабылов

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

көлік салығы