USD
USD
USD

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының медиамектебі құрылды

Еліміздегі 4 республикалық телеарна, 14 аймақтық арна және 4 радионы біріктірген ең ірі медиақұрылым «Қазақстан» телерадиокорпорациясының телевизия және радио саласының мамандарын даярлауға арналған медиамектебі құрылды, деп хабарлайды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

 «Қазақстан» телерадиокорпорациясының медиамектебі құрылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Оған еліміздегі ЖОО-ның журналистика, кино өнері және телевизия факультетінің III, IV курс студенттері қатыса алады.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР АҚДМ бастамасымен «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Balapan» телеарнасының жанынан анимация мектебі құрылған болатын. Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік бейімдеуге жәрдемдесу мақсатында құрылған мектептің алғашқы түлектері Қазақстанның түрлі аймағында тұратын 14-16 жас аралығындағы дарынды балалар.

Медиамектеп жұмысы туралы Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай: «Негізгі мақсатымыз – жас журналистердің бойына Корпорацияның, ондағы қызмет атқаратын әріптестеріміздің ұлттық телевизия мен радионы дамыту жолындағы құнды тәжірибесін сіңіре отырып, кадрлар сабақтастығын жалғау, қазақ журналистикасының қарашаңырағы ретінде еліміздің жоғары оқу орындарының сапалы кадрлар даярлау ісіне тәжірибелік тұрғыдан атсалысу. Қысқаша айтқанда, біздің міндетіміз – біліммен бөлісу», - деп атап өтті.

Медиамектеп БАҚ саласы бойынша теориялық білім жинақтап жатқан студенттердің практикалық дағдыларды меңгеруіне және болашақта қызмет атқаратын бағытын нақты айқындауға мүмкіндік беретін тәжірибе алаңы болмақ. Медиамектептің ең үздік қатысушылары алғашқы еңбек жолын «Қазақстан» телерадиокорпорациясының құрылымдарында бастауға мүмкіндік алады.

Өтінімдер 2021 жылғы 1 қарашаға дейін qazaqstan.tv ресми сайты немесе mediamektep@qazaqstan.tv электронды поштасы арқылы қабылданады. Оқытуды Корпорацияға қарасты «Qazaqstan», «Qazsport», «Abai TV», «Balapan» телеарнасы және «Қазақ радиолары» ЖШС мамандары шығармашылық және техникалық бағытта ақысыз негізде жүзеге асырады.

6 айға жалғасатын медиамектептің алғашқы курсы Нұр-Сұлтан қаласы, «Қазмедиа» орталығы телерадиокешенінде оффлайн форматта жүргізіледі. Қосымша ақпарат бойынша байланыс телефоны: +7 (717) 2 75 71 60.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар