1 Ақпан 13:00

Қазақстан Президенті Қытайға гуманитарлық көмек ұсынды

Фото:

Қазақстан Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге коронавирустың таралуына байланысты хат жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасына қауіпті вирусты тоқтату және жою жөніндегі Қытай басшылығының шешімдері мен іс-қимылдарын жоғары бағалай отырып, Қазақстан Үкіметінің Қытайға қажет болған жағдайда жан-жақты гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екені туралы шешімін жеткізді. 

Сондай-ақ Президент коронавирустың Қазақстан аумағында тарап кетпеуі үшін Үкіметтің қабылдап жатқан іс-шаралар туралы хабарлады.  

Тегтер: