22 Қазан 13:33
...

Қазақстан мен Корея полициясы қылмыскерлерді бірлесіп іздейтін болды

Фото:

Қазақстан мен Корея қылмысқерді бірге іздейтін болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Сеулде өткен келіссөзде екі ел полициясының өкілдері осындай мәмілеге келді. Сеулдегі халықаралық полиция саммитіне 35 елдің өкілдері қатысты. Полиция басшылары Кореяның қылмысқа қарсы күрес тәжірибесімен танысуға келді. Өйткені жергілікті тәртіп сақшылары құқық бұзушыларды жаңа технологиялардың көмегімен іздеуді қолға алған. Кореяның Ішкі істер министрінің айтуынша, қазір жергілікті мамандар күдіктінің кім екенін шаш немесе қан ізі арқылы анықтауға мүмкіндік беретін тың технологияны әзірлеп жатыр екен.

Қазақстан Ішкі істер министрінің айтуынша, біздің елде интернет-алаяқтық – жиі кездесетін қылмыс түрлерінің бірі. Бүгінде ол ұрлықтан кейін екінші орында тұр екен. Осыған байланысты ведомство басшысы корейлік әріптестерін киберқылмыспен күресу тәжірибесімен бөлісуге шақырды.

Сондай-ақ Қазақстан мен Кореяның ішкі істер министрліктері екі ел аумағында жасырынған қылмыскерлерді бірлесіп іздестірмек.

Тегтер: