29 Мамыр 08:15

Қазақстан аумағында жер сілкінді 

Фото:

 ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 29 мамыр күні жер сілкінісін тіркеді. 

Алматы, NEGE. Жер сілкінісі Алматы уақытымен 01 сағат 38 минут 26 секундта тіркелді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 204 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 8,8. MPV тербелісі – 4,5. Тереңдігі – 25 шақырым. Жерасты дүмпуі Алматыда сезілмеді. 

Тегтер: