Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Корольдігіне ресми сапармен барады

24 қараша, 17:21
Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Корольдігіне ресми сапармен барады
Фото: Ғаламтордан

25-26 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Корольдігіне ресми сапармен барады, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында.

Нұр-Сұлтан, NEGE.  «Мемлекет басшысы Брюссельде Бельгияның және Еуропалық Одақтың басшылығымен келіссөздер жүргізеді, сондай-ақ еуропалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланған» делінген хабарламада.